Геродот– ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарих атасы» деп танылған, әйгілі "Тарих" кітабының авторы, жиһанкез. Ол шамамен б.з.б. 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар.Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Тарих» атты үлкен еңбек қалтырды. Кейіннен александриялық ғалымдар оның еңбегін тоғыз музаға сәйкестендіріп, тоғыз кітапқа бөлген. Геродот алғашқы төрт кітабында Лидия, Мидия мемлекеттері, Ахемен әулеті жөнінде жазып, олардың Мысырға, Вавилонға, сақтарға қарсы жорықтарына тоқталады. Қалған бес кітабы грек-парсы соғысына (біздің заманымыздан бұрынғы 500 – 449) арналған. Онда халықтардың тарихымен қатар этнографиясы, діні, әдебиеті, мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаты, экономикасы берілген.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
И всё