СДЕЛАЙТЕ ПЕРЕСКАЗ ЭТОГО ТЕКСТА НА КАЗАХСКОМ!ПОЖАЛУЙСТА СРОЧНО НАДО!!!ДАМ 44 БЫЛЛОВ!!!
-тапсырма.
Тыңда. Мәтінді оқы.
— Ой, далада қараңғы түсіп кетіпті. Қонақта көп отырдық, деп, анасы әжесімен қоштасты.
Келіп тұрыңдар. Мен сендерді күтемін, – деді әжесі немересінің бетінен сүйді.
Жұлдыздар жап-жарық. Аспанға жұлдыздарды шашып тастаған секілді. Аспанға кішкентай
шамдарды жағып қойғандай.
Алисаның қолында сүйікті ойыншығы Антошка клоуны бар. Алиса қараңғы аспаннан түрлі фи-
гураларды көрді. Фигуралар біресе жапыраққа ұқсайды, біресе ақ нүктеге ұқсайды. Ал мынау не?
— Мама, қарашы, аспанда үлкен ожау тұр, — деді Алиса, қолымен аспанды көрсетіп.
- Бұл Жетіқарақшы шоқжұлдызы! Ол түнде адамдарға өз үйін табуға көмектеседі.
Ғалымдар жұлдыздарды зерттейді. Бұл кішкентай нүктелердің құпиясы көп.
– Бірақ жұлдыздар өте кішкентай ғой. Оларды қалай көреді?
— Әкеңе айт, сені расытханаға апарсын. Расытханада үлкен дүрбі бар. Ол «телескоп» деп ата-
лады. Телескоппен жұлдызды көруге болады. Ол жұлдызды үлкен етіп көрсетеді. Жұлдыздар
бізден алыста. Сондықтан олар кішкентай болып көрінеді.
Алиса таңғалды.
- Қолыңды бер, тез жүр. Әкең күтіп қалды. Аяғыңа қара, құлап қалма. Айнала қап-қараңғы.
Ештеңе көрінбейді.
Алиса жан-жағына қарады. Анасына қолын беріп, тез жүрді. Жолда анасы жұлдыздар ту-
ралы айтты.
Владимир Кожушнер
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.