Сейітқұлдың өзі де, жыйылған халқы да адалдары көбейіп, бай болды, ел жыйылып Сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, мандай терімен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. Солардан сақтану үшін, Сейітқұл жұртын жыйып кеңесіп, судың бір қолайлы жеріне шымнан биік қорған салдырды, малдарына реттеп бақташы, қару-жарақты қарауыл шыңдауыл жүргізді. Бұлардың былайша бір ауызға қарап бекінген халық екенін байқаған соң, малға қызыққан сырттағы көшпелі халықтар батып келе алмады. Бұл жағынан көңілі тыныш болған соң, Сейітқұл енді Бұхара, Қоқанға мал айдатып, ол кенттерден қазақ қолды әртүрлі товар алдырып, жылда егін піскен уакытта манағы қорғанда жәрмеңке реуішті базар болды. Көшпелі халық белгілі уақытта малын, жүн-жабағысын,
тері-терсегін келтіріп, егіншілер оларға астығын, товарын айырбас етіп, осы қалыпша бір жағы егін, бір жағы саудамен Сейітқұлдың жұрты жұрттан асқан бай болыпты.
Манағы Сейітқұлдың ағасы аттаныс-түсіспен жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, Қонырат жағында қолға түсіп, кім екені де белгісіз, біреу өлтіріп кетіпті; қалған мал-жанын ұрының малы деп Түркістан әкімдері талап алып, жамағаттарын Сейтқұл көп жылдар іздетіп, таптырып, қасына алыпты-мыс.
Сейітқұл, құрметті Тілеу Сейдалин сұлтанның айтуы бойынша, 1830-шы жылдарда өтіпті-міс. Сол данышпан кісінің ақылымен егінді әдет еткен
халық Қабырға суының бойында әлі көп. Жарлы болып, бөтен кәсібі жоқ кісілер Торғай жағында дереу егінге айналады, ерінбей азаптанса, бірнеше жылда түзеліп, халық қатарына қосылады.
Answers & Comments
Ответ: