Менің болашақ мамандығымның адам өмірін сақтаудағы маңызы жоғары болады.
Мамандықтың бәрі жақсы.Ал өзің армандаған,қалаған мамандығың бойынша қызмет ету оданда жақсы.Менің алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіріп,медицина саласына жоғарғы оқуға түсу.Дәрігер мамандығы ұзақ оқуды,бәрін білу үшін қажырлы еңбекті етуді талап етеді. Мен болашақ мамандығымның дәрігер болғанын қалаймын.Дәрігер - адам анатомиясын өте терең білумен қатар,кез - келген жағдайдағы аурудан жиіркенбейтін,қаннан қорықпайтын,адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын,күйзеліске төзімді,жүйкесі мықты жан болу керек екен.Сондықтанда мен өзімді сондай жан болуға тәрбиелеп жүрмін.Болашақта жақсы,білгір дәрігер атанып,адам өмірін сақтағым келеді.Медицина саласында ешкім жетпеген жетістіктерге жетіп,емі жоқ сырқаттарға шипалы ем тауып,адам өмірін сақтауға бар білімімді,күш - қайратымды салып еңбек ететін боламын.Өз ісіне сенімді,мамандығын дұрыс таңдаған адам жетістіктерге жетеді.Дәрігер - білімді,мейірімді,кішіпейіл,адам жанын түсінер жанашыр жан болу керек.Ауырып,сырқат жеңген жанның тәніне шипа,жанына күш беріп рухтандырсаң,сырқатынан айығары сөзсіз.Мен Сыр өңірінде тұрамын.Бір жағымызда Арал теңізі,екінші жағымызда Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқандықтан,еліміз экологиялық аймақ болып саналады.Тартылған теңіз бен ғарыш айлағы орналасқандықтан адамзаттың өмір сүруіне зиянды жағы көп.Елімізде туберкулез,тамақ,тері аурулары және адам өміріне қауіпті ісік аурулары көп таралған.Өскенде өз жерімнің халқының денсаулығының жақсы болуына көмектескім келеді.Қазіргі уақытта ғылым жетіліп адам өмірін сақтау үшін заманауи құрылғыларды ойлап табуда.Менде өз білімімді одан әрі дамытып,адам өмірін сақтау үшін керекті жағдайдың бәрін істейтін боламын.Медициналық оқу орнына түсетін студент адам өмірі үшін күресуге Гиппократ антын береді екен себебі дәрігер мамандығы қатаң жауапкершілікті талап етеді.Менде оқуымды үздік аяқтап,дәрігер мамандығына жоғарғы оқуға түсіп,Гиппократ антын беріп,Отаныма қызмет ететін боламын.
Answers & Comments
Ответ: