Сенім тек жақын адамдар ғана арасында ғана емес, қоғамдық деңгейде,әлемдік шеңберде де көрініс алады. Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат — мүддесіне жетуіне көмектеседі.Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді. Сенімді болу-ол жауапкершілікті сезіну және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адам жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз.
13 votes Thanks 40
ulbosyntajibaeva
«Сенім! Бұл бір ұлы күш!Әсіресе,жаны таза адамға өзгенің көрсеткен сенімі бойына қайрат,қиялына қанат береді. Сол сенімді ақтаймын деп қандай қиындық болса да қарсы тұра алады,ақтап шығуға жанын аямайды»деген сөзі өмірдің өзегі де,негізі де шын мәнінде сенімнен тұратынын аңғартады. «Сенім –құдіретті күш! Дәрігердің емдік іс-әрекетіне толық сенсең ауруыңнан толық жазыласың; ертеңгі мақсатыңа сенсең,қандай қиындық болса да,әрекеттеніп,мақсатыңа жетесің.
ulbosyntajibaeva
І.Есенберлиннің «Сенім! Бұл бір ұлы күш!Әсіресе,жаны таза адамға өзгенің көрсеткен сенімі бойына қайрат,қиялына қанат береді. Сол сенімді ақтаймын деп қандай қиындық болса да қарсы тұра алады,ақтап шығуға жанын аямайды»деген сөзі өмірдің өзегі де,негізі де шын мәнінде сенімнен тұратынын аңғартады. «Сенім –құдіретті күш!
ulbosyntajibaeva
Ең бірінші өзіңе сен,Екі қолмен істеген ісіңе сен, Жақының да, жатың да сыйлайды, Егер де өзіңді өзің түсірмесең...
ulbosyntajibaeva
сенім – қандай да бір күдік-шүбә екіұдайылығынан арылып, рухани қатаңдықпен мәлім бір айтылым-қағидаға, мәлім ілімдік, “измдік”, ғылыми, діни, не мифтік нанымға біржолата берілу-сену, санада шегеленген сол түрдегі таным-баға үлгісімен баршаны өлшеу, соны адам болудың, өмір сүрудің бірден-бір бұлжымас ішкі ұстанымы ету.
ulbosyntajibaeva
сенім – ішкі жарқындықтың ділдік тұнық оянысы; өздіктің түпнұсқа өзілігі; сезім, ерік, зерде және қарекет өзара күрделі, дөп тоғысып, рухани жоғары үндестікке жетуі; Меннің күндіз жұлдыз көргендей таңғажайып көреген жарқындығы.
ulbosyntajibaeva
сенім – адам болмысының ерік-зерде, сезім-қиял тұрғысынан өз-өзімен тас-түйін ішкі бірлікке ие болуы; діттеген нысанаға талпынысында ашық, әрі ырықты рухани еркін, тұнық күйге жетуі.
Answers & Comments
Ответ:
Сенім жетістіктің кілті