үш қиян өлеңін негізге ала отырып әр бөліміндегі мазмұндық ерекшеліктерді негізгі идеямен үндестіріңіз көмектесіңіздерші өтініш ((( көмектескен адамды Алла тағала өзі жарылқасын , сақтасын , разы болсын.....
Мұрат Мөңкеұлы қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырауы болып табылады. Ол отаршылдық заманында қазақ жұртының қаналып, әбден қажыған сәтінде елдің жарасын жамап, қарапайым халықты өлең жырларымен рухтандырып отырған. Ел тәуелсіздігін аңсап, халықтың бүгіні мен кешесін сынай отырып, салыстырған. Ал ақынның «Үш қиян» өлеңінде халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігін қара өлеңінде айқара көрсетіп, баяндай білген. Адам пиғылының арамданып, заманының азғандығын ашына сөз етеді.
«Заманнан заман оралған,
Дүние шіркін соны алған.
Адыра қалғыр бұл қоныс
Қайырсыз екен озалдан – деген бір шумақ өлеңнің өзінде терең мағына жатыр. Сол кезеңдегі адамдардың өзгеруі, бірін бірі сыйламағандығы, тіпті көреалмаушылығы анық байқалады.
Ал осы өлең арқылы замана келбеті қалай ашылған? Біз оны байқай аламыз ба? Мұрат Мөңкеұлы өзінің ақындық дарыны мен заманға қарап түйген ойы арқылы осы өлеңде бізге қоғам өмірін, қазақ тағдырын ашып көрсеткен. Ең алдымен ата баба қанын төгіп қорғап, қол салғызбай мәпелеп келе жатқан жерді тартып алуын:
Еділді тартып алғаны–
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны–
Жағаға қолды салғаны...
– деп ашына айтқан сөзінен замана шындығын байқаймыз. Сол кездің өзінде орыстардың қазақ халқы амалсыздан орыстарға бодан болып, бас бостандығынан айрылғаны жүрекке ауыр тиеді. Ал осы өлең арқылы Мұрат замана шындығын қалай жеткізген? Бұл өлең арқылы біз қазақтардың басынан өткен қиыншылықтарды қалай көре аламыз?
Қазақ халқы ерте заманнан бостандық пен еркіндікті, кең дала төсінде жүрген шағын аңсайды. Осының өзі ақынның өлеңіндегі көріністі аңғартады. Бұндай ащы шындықты жырлайтын толғау арқылы қазақ өмірін, тіпті ішерге ас, киерге киім таппай қиналған адам өмірін көре аламыз. Бастан өткерген қиындығы, көп ауыртпалық көргені, өз үйінде шалқып жүре алмағандығы да байқалады.
Менің пайымдауым бойынша, ақын болашақ ұрпақтың өмірі үшін алаңдаған. Солар үшін уайым кешіп, оларға ешкім қиянат істемесе екен деп күңірене толғанады. « Ащы суға тойдырып, шашын, мұртын қойдырып, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан ата баба мұрасы бұзылар ма?!» деп қорыққан. Бұның өзі ата бабамыз қиын жағдайда өмір сүрседе, келешектің қамын ойлауы олардың данагөйлігін, көрегенділігін танытады. Құдайға шүкір, қазір біз бейбітөмір кешудеміз. Тәуелсіздік жолында қан төгіп, жанын берген азаматтарымыздың аңсаған азаттығына біз жетіп отырмыз. Әрине, бұл осы кісілердің арқасы деп білемін.
Қорыта келе, Мұрат Мөңкеұлы өз толғауы арқылы замана шындығы мен қулығын танытып, сол кезеңдегі қазақ халқының құрып кетпей, қаншама қиындықтарға төзе білгені үлкен ерлік деп есептеймін. Ақын сол арқылы бізді табандылыққа ьәрбиелей отырып, еркіндіктің қадірін бағаласын деп дәріптегендей.
Answers & Comments
Ответ:
Объяснение: