Үш тақырыптың бірін таңдап , эссе жазыңыз . Жазба жұмысында эссе құрылымын сақтаңыз және салыстырмалы , күшейтпелі , асырмалы шырайларды орынды қолданыңыз . Сөз саны – 130-140 1. « Үш тілді білу – үлкен өнер » деген пікірмен келісесіз бе ? 2. « Уақыттың қадірін білген адам ғана табысты бола алады » деген пікірмен келісесіз бе ? 3. « Климаттың өзгеруіне адамзат оңай бейімделе алады » деген пікірмен келісесіз бе ? | ю помогите даю 35 балов
Answers & Comments
Ответ:
2) Кез-келген адам уақыт өте келе босқа өткізген уақыты үшін өз ұжданы алдында ұялары сөзсіз. Баға жетпес қымбат уақытымызды немқұрайлылықпен жасайтын түкке тұрғысыз дүниелер үшін жұмсап жатқанымызды жақсы түсінеміз.Әрбір шыққан деміміз арқылы өміріміз қысқара түсуде. Бос өткізіп алған уақытымызды, қайтара алмаймыз. Біз уақытымызбен күш-қуатымызды дұрыс жұмсай білуге үйренуіміз керек. Біз үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Себебі алтынды кез–келген уақытта сатып алуға болады. Ал уақытты ешқашан тоқтата алмаймыз. Әрбір сағатымызды дұрыс өткізіп, әрбір күнімізді дұрыс жоспарлап отыруымыз керек. Алтын уақытымызды жақсы істерге жұмсайық. Өскенде неге мектепте жүргенде уақытымды тиімді пайдаланып оқымадым, деп өкінбейік. Уақыт бізге берілген үлкен сыйлық. Алтын уақытымызды қадірлей білейік.