Үш тіл – заман талабы 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. Әр азамат өзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, әр адам өзге де тілді үйреніп, оларға да құрметпен қарап, өз кәдесіне жаратып жатса, «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп ата-бабаларымыз айтпақшы, нұр үстіне нұр болады. Сол себепті де біз бүгінгі шараны ана тілімізге және орыс тілі мен ағылшын тіліне арнаймыз. Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Бабалар аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі - ел болып атап өтіп жатқан - тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. «Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол - білім. Ол шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. Бірақ ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса - ол кешірілмес күнә» деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, мектепте оқытылатын тілдерден жарыс өткіземіз. Жер шарында 900-ге жуық ұлт өмір сүреді. *
1 балл
1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.
A. Тіл туралы
B. Өнер-білім туралы
C. Еңбекқорлық туралы
D. Адамгершілік туралы
2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз. *
1 балл
A. 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі.
B. Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет.
C. Біздің планетамызда 5651 тіл бар
D. Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.
3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз. *
1 балл
A. әңгіме
B. сұхбат
C. ертегі
D. мақала
4. Мәтін бойынша дұрыс ақпаратты анықтаңыз. *
1 балл
Әрбір адам өз ана тілін сүюі, құрметтеуі тиіс
Жер шарында 800-ге жуық ұлт өмір сүреді.
5.ҚР халықтарының тілдері мерекесі қай күні ,қай айда атап өтіледі? *
1 балл
30 тамыз
22 наурыз
22 қыркүйек
4 шілде
6. Үш тіл заман талабы: *
1 балл
А. араб, қазақ, орыс
Б. ағылшын, қазақ, латын
В. қазақ, орыс, ағылшын
Г.неміс, француз, орыс
7. 15.30 , 19.55 мына сағат санын көрсет.
1 балл
оннан он бес минут кетті, сегізден жиырма минут кетті.
үш жарым, сегізге бес минут қалды.
төрт жарым, бестен он бес минут кетті
тоғыз жарым, бестен бес минут кетті
8. 12.45, 17.00
1 балл
он бірден бес минут кетті, он екі жарым
бірге он бес минут қалды, тура сағат бес
оннан он кетті, тура сағат алты
тура сағат тоғыз, тура сағат алты
9. Қып-қызыл-бұл сын есімнің қай шырайы? *
1 балл
1)жай шырай
2)салыстырмалы шырай
3)күшейтпелі шырай
4)асырмалы шырай
10. Салыстырмалы шырайдағы сын есімді белгіле. *
1 балл
1)кіші
2)ұзынырақ
3)төмен
4)тым әдемі
11. "Ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса - ол кешірілмес күнә " авторы кім? *
2 балла
Абай Құнанбаев
Н.Назарбаев
Мағжан Жұмабаев
Қасым - Жомарт Тоқаев
12. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да ......... , .......... *
1 балл
тамаша, керемет
қастерлі, құдіретті
әдемі, әуезді
сымбатты, қымбатты
13. Жасыңда ....... болсаң, өскенде ....... боласың *
2 балла
өтірікші, ұрлықшы
білімді, ақымақ
қылжың, мылжың
сараң, олақ
14. Абай Құнанбаев оқыған Ахмет Риза медресесі қай қалада?
1 балл
Алматыда
Астанада
Семейде
Қарағандыда
15. "Өмір", "дүние" дегенің - ағып жатқан су екен..... деп Абай нені айтып отыр? *
2 балла
сабақтан қалмауды
уақытты тиімді пайдалануды
туған жерді жақсы көр
адал дос болуды​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.