Arykammm
Ответ: Сәлеметсіз бе, өткен заманның сұлуы Шұға!Мен сізбен Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаяты арқылы таныстым. Ол әңгімеден қазақ жастарының теңдікті, еркіндікті қалай аңсағандығы туралы оқыдым. Қызыға оқи отырып, сіздің заманыңызға сапар шеккендей болдым. Бірақ онда қалғым келмеді. Өйткені қазір ел байлар мен кедейлерге бөлінбейді. Әркімнің өз ойы, өз көзқарасы бар. Зейкүл және сіз тәрізді сүймеген адамына ешкім еріксіз қоспайды. Бір үйдің ерке өскен ақылды да көрікті қызы бола тұра, туғандарыңыз сіздің бір ғана арманыңызды орындай алмады. Ол арман Әбдрахманмен бірге болу. Менің ойымша, сізге анаңыз ертерек қолдау көрсеткенде, әңгіме соңы басқаша болар ма еді. Әңгімеде ұнағаны қазіргі заманда сирек кездесетін Әбдірахман екеуіңіздің араңыздағы кіршіксіз әрі таза махаббат. Халық арасындағы «Шын ғашықтар қосылмайды» деген сөз рас екен ғой.Мың рахмет Бейімбеттей тұлғамызға,Қалдырған шығармасын біздей ұл мен қызға.Әбдрахманның атынан былай дер ем,Соңғы сөзін Шұғадай ару қызға.Объяснение:
Answers & Comments