Шай
Шай Қытайда біздің заманымыздан 2700 жыл бұрын пайда болған. Кейініректе шай Үндістанға, Индонезияға, Шри-Ланка аралдарына тарады. Ресейде шайдың дәмін осыдан екі жүз жылдан астам бұрын патша сарайындағы адамдар татып көрді. Бұрын Ресейге шай Қытайдан жеткізіліп тұрды. Ауқатты адамдар шайды көптеп алғызатын болған. Түйелі керуенге тиелген шайдың тендері Нижегород жәрмеңкесіне жеткенше бір жылдай уақыт кететін. Шай жер-жерге осы жәрмеңке арқылы жеткізілетін еді. Шай негізінен қара және көк шай түрінде болады. Оның толып жатқан атаулары бар. Шайдың құрамындағы кофейннің адамды сергітетін қасиеті бар. Танин шайға дәм берсе, ал эфир майы хош иіс береді. Қазақстанда шай өте кең тараған және оның түрлері де көп. Қазір шайдың құрамына түрлі дәндер қосып, олардың дәмін түрлендіріп шығарады.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалар:
1. Шай қай елде пайда болған?
A) Үндістан
B) Қытай
C) Индонезия
D) Шри-Ланка
2. Ресейде шайды ең алғаш кімдер татып көрген?
A) Жәрмеңкедегі адамдар
B) Патша сарайындағы адамдар
C) Жергілікті халық
D) Көпестер
3. Шайдың құрамындағы кофейннің қасиеті қандай?
A) Хош иісі бар
B) Адамды сергітеді
C) Дәм береді
D) Тыныштандырады
4. Шай жер-жерге қай жәрмеңке арқылы жеткізілді?
A) Қытай
B) Үндістан
C) Нижегород
D) Индонезия
5. Шайдың түрлері қандай?
A) Танин, эфир майы
B) Кофейн, танин
C) Кофейн, эфир майы
D) Қара, көк
Answers & Comments
Ответ:
1)В 2)В 3)В 4)С 5)D Міне барлыгы дұрыс но 5 тің дұрыс не бұрыс екенін білмеймін,меніңше дұрыс сияқты