Шілдехана-сәбидің жарық дүниеге келген күні тойланады.Сәби дүниеге келгеніне туыс-жарандардан шүйінші сұралады.Ауыл-аймақ,туған-туыс,шашу шашып сәбилі үйге қарай ағыла бастайды.Мал сойылып,ән айтылып,күй ойналады.Бұл үйден 2-3 күнге дейін қонақ арылмайды.Туылған баланы шілде суына жуындырып тазалайды.Ол судың кішкене бөлігін ыдысқа құйып алып қояды.Кейін денесіне жара шықса,сол сумен шомылдырса бірден кететін көрінеді.Нәрестені итаяққа ұсақ тиын,сақина,білезік салып жуындырады.Жуындырып болған соң тиындар мен білезік,сақиналарды келіндерге бөліп береді.Шілдеханада қалжа сойылады.Сойылған малдың мойын омыртқасын жас босанған анасына береді.Кейін баланың мойны қатайсын,- деп үйдің жоғарғы жағына іліп қоядыБала қырқынан шығам дегенше нәресте мен анасын үйден шығармай бағады.40күн болғанда қырқынан шығарып,нәрестені бесікке салады.Бесікте жатқан бала таза жатады..Бесікке саларда тыштыма ойыны ойналады.Үлкен әжесі бесіктің шүмек салатын жерінен- кәмпит,құрт-ірімшіктерді салып тұрады.Балалар кезекпен бесіктің астына қос қолдарын жайып тәттілерді алады.Әжесі тәттілерді салып тұрып:Тыштыма?-дейді.Балалар түскен тәттіні:Тышты,тышты ,-деп жинап алады.Келген туыстар:Нәрестенің бауы берік болсын,Ата-анасына серік болсын,-деп шашуларын,сыйлықтарын ала келеді.Шілдеханада ән айтылады,себебі ән айтылған жерде жаман ой болмайды.Ән айтып,домбыра тартып шілдехана кезінде баланы жамандықтан қорғайды.Алғашқы күнннен сәби құлағына ән-жыр сіңіріледі.Шілдехана сәбидің дүние есігін ашқандағы алғашқы тойы.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: