Шілденің бас кезі еді. О шеті мен бұ шеті атшаптырым күміс толқынды Ақкөлдің кең алқап жазира даласы ат бауырынан келген көк шалғынға бөленген.
Көлдің солтүстік алқабына қонақтарға арнап ақ киізден басылған он екі қанат үш жүз үй тігілген. Іштері Самарқанд пен Бұқарадан тоғыз керуенмен тасылған қырмызы қызыл кілем,дүрия,торқа жібекпен тысталған мамық жастық түбіт көрпелермен базаенген .Алыстан көгілдір тартып көрінген жасыл шалғында, көк теңіз үстінде ұшқан ақ шағаладай, сүттей аппақ киіз үйлерді үштен төрттен қосарлап тіккен хан ордасы. Көлдің оңтүстік алқабында хан ордасына жақын уәзір, Жошы ұрпақтарының ақ шатырлары мен ақбоз үйлері. Әсіресе солардың ішінде ортадағы он екі қанат ақ боз үйдің басына ақ жалау орнатқан ,қатарлас тұрүызылған оюлы төрт киіз үй Жәнібек пен Керей сұлтандардың ордасы. Бұлар өзінің еңселі мүсіндермен алыстан ақ ерекше көзге түседі.
Ас басталғалы жеті күн болған. Алғашқы күні осы арадан көшкен ел бір күн, бір түнде жетер Арғынаты тауының ең шетіндегі Шойынды көлден жіберілген үш жүз сәйгүлік жүйріктен Әбілқайырдың Тарланкөгі өзып келген. Атқа шапқан ханның жеті жасар немересі,Шах-Будақ сұлтанның баласы Мұхамед Шайбанидің өзі еді.Түйе жарыс, қатын күрес- бәрі аяқталып, бүгін астың ең қызығы-жырау Асанқайғы.
Бас бәйгеге қыпшақтың ұлы жырауы Қазтуған мен арғынның ақиығы Сыпыра жыраудың ұрпағы Қотан тайшы түспек болды.
9 тап. Мәтіннен фразеологизмдерді тауып әр абзацтағы қолдану жиілігін графикалық кестеге толтыр. Сөйлемдегі мағынасын аш.
пжжж помагите
Answers & Comments
Ответ:
Атшаптырым-алыс орналасқан жер
Бауырынан келген- жақан жер