nuni102005200309
Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан…Ол Шымкент облысы Отырар ауданында 193О жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІ ғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас.Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратынШәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын. Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау , терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих — ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді. Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырын да біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл басы Тараз тойына тарту деп қабылдауымыз ләміз. Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Оның ғажап шығармашылығы ұлттық мәдениеттің тамаша көрінісінің бірі. Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әрітісі құрметті атағы берілді. Халықтың сүйікті композиторы Ш.Қалдаяқовтың жарқын бейне тыңдаушылар жүрегінде әрдайым сақталады. Шәмші – қазақ өнерін үлкен жаңалық және ұлттық бояуы қанық өлмейтін туындылар олжалаған аса дарынды сазгер екендігін дәлелдеген өнерпаз. Шәмші Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген композитор. Содан оны қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» — деп орынды мақтан етеді. Шәмшінің екі ұлы да кәсіби музыкант. Демек, әкесінің жолын қуған азаматтар. Шәмші Қалдаяқовтың өзі өмірден өтсе де, әні ешқашан да қазақ халқының жадында сақталады
Answers & Comments
Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау , терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих — ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді.
Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырын да біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл басы Тараз тойына тарту деп қабылдауымыз ләміз.
Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Оның ғажап шығармашылығы ұлттық мәдениеттің тамаша көрінісінің бірі.
Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әрітісі құрметті атағы берілді. Халықтың сүйікті композиторы Ш.Қалдаяқовтың жарқын бейне тыңдаушылар жүрегінде әрдайым сақталады.
Шәмші – қазақ өнерін үлкен жаңалық және ұлттық бояуы қанық өлмейтін туындылар олжалаған аса дарынды сазгер екендігін дәлелдеген өнерпаз. Шәмші Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген композитор. Содан оны қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» — деп орынды мақтан етеді. Шәмшінің екі ұлы да кәсіби музыкант. Демек, әкесінің жолын қуған азаматтар.
Шәмші Қалдаяқовтың өзі өмірден өтсе де, әні ешқашан да қазақ халқының жадында сақталады