«Үштіліділік – заман талабы» деген пікірмен келісесізбе? Келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, 150 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эссе мазмұнына сай көмекші есімдерді қолданыңыз.
Бүгінде үштілділік - заман талабына айналып отыр. Елбасы үш тұғырлы тіл саясатын жыл сайынғы Жолдауында нақты атап көрсетіп келеді. Үш тілді жетік меңгерген тұлға қалыптастыру мақсатында балабақшадан бастап үштілділік саясатын жүзеге асыра бастадық, деп хабарлады Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
ХХ ғасырда Абай атамыздың Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды деген нәрлі нақылын әрмен қарай тіл игеру үшін тілек те керек, жүрек те керек деп жалғастыруы тағы да тілдің мән-жайына үстірт қарамай, үңіле зерделеуді қажет етеді дегенді меңзейді.
Өз тілің - бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін дегендей, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға қарағанда қалаған жерінде жұмыс істеуіне де мүмкіндігі мол екені, қай елге барса да алдынан жасыл жарық жағылып тұратыны белгілі жәйт. Келешекте жеті жұрттың тілін біліп, мемлекеттің мүддесін, ұлтың мен жұртыңның жай-күйін әлемге дауысың жететін мінберден асқақтата айтып тұратын күнге жетуіміз керек.
Міне, сондықтан да еліміздің бәсекеге қабілетті елдермен теңесетін жағдайында осы үш тілді жетік меңгерген білікті мамандардың қажеттілігі артатыны белгілі. Өз ана тілінен бөлек өзге тілдерді де қызығушылықпен меңгеріп жүрген жастар қаншама. Қазіргі заманғы жастардың көзі ашық, көкірегі ояу. Олар өз елімен шектеліп қалмай шет мемлекеттерге шығып, өз мүмкіндіктерін жіберіп алмауды мақсат санайды.
Answers & Comments
Объяснение: