Шығамын тірі болсам адам болып идеясын жазыныз
Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып.
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толғанайдай балкып туған.
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:Сұлтанмахмұт ағамыздың бұл өлеңі білім мен қара халықтың надандығы туралы айтылған.Автор өз туындысында көркемдегіш құралдарды қолдану арқылы көкейіндегіні халыққа сыпайы түрде жеткізе білген елінің патриоты.Надан болып өмір сүргеннен,көрде жату автор үшін ең дұрыс пікір.Өз-өзіне уәде беру арқылы халықты жарыққа, яғни,білімге шақыруды алдына мақсат етті.
Объяснение: