Ырғағы бар, әні бар,-деп Сәкен Сейфуллин айтқандай,біздің әр қадам басқан жеріміз дыбыстардан тұрады.Алғашқы адамдар дыбыс шығару арқылы қарым-қатынас жасай бастады емес пе?Осыдан-ақ дыбыстардың адамзат өмірінде алар орнының зор екендігіне көз жеткіземіз.Біздің қай-қайсысымыз болмасын ананың нәзік әлдиін естіп үлкен өмірге қадам басты.Дыбыс арқылы кейді жанды тебірентер жылы сөздерді,кейде сүйектен өтер ащы сөздерді де естиміз.Ауылдың кешкі шуылы ұнамайтын адамды әлі күнге шейін кездестірмедім.Малдың өрістен қайтуы,құстардың қиқуы,қойдың маңырағаны мен сиырдың мөңірегені,сауылып жатқан сүттің дыбысы...Бәрі-бәрі жанға тыныштық пен рахат сезім сыйлайды ғой.Ал қалаға келсек,мүлдем басқаша.Бұл кезде дыбыстар легі әлдеқайда көбейеді.Машина моторының дыбысы,радио,есіктің ашылып-жабуылы және тағысын тағы.Былай қарап тұрсақ,айналамыз сан алуан дыбысқа толы.Оларсыз өмір жұпыны көрінетіні шүбә келтірмейді.
Answers & Comments
Verified answer
Айналадағы әлем – дыбыстар әлемі.Әр істің бір сәні бар.
Әр қимылдың өзінше,