Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте айтыстың алар орны ерекше.
Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай ұлттық дәстүр, ғұрыптарымызды сақтап, қастерлеуіміз қажет.
Айтыс ақыны болу үшін суырып салма өнерге жақын болып, сөздің майын ағызып сөйлеу білу, қисынна келген тосын сұрақтарға жауап қайтара білу керек. Ол үшін тек қана дарындылық қана емес, сонымен қатар қажырлы еңбек те керек, көп оқып, көп жаттығу керек. Халықтың көкейінде жүрген мәселелерді билік басындағы адамдарға сөздің ретін келтіріп жеткізе білу керек.
Күндердің күнінде мен айтыс ақыны болып жатсам, қазіргінің белгілі айтыскері, еліміздің дара тұлғасы Ринат Зайытов ағама ұқсаған айтыскер болғым келеді. Бұл кісі биліктен еш тайсалмай, қарапайым халықтың мүддесін ойлап, жырлай білген туа біткен талант иесі. Мен де елімді толғандырып жүрген мәселелерді жеткізуге асығатын едім.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Егер мен айтыс ақыны болсам...