Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Бүгін біз сіздерге осы тақырыпта жас оқырмандарымыздың сайтымызға жолдаған шығармаларын ұсынамыз.
Ғаламтордағы мәліметтер мен үлкен кісілердің айтуынша, соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты.Бұл – біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді. Отанымызды қорғауға еңбектеген жас та, еңкейген кәрі де аттанды.
Answers & Comments