lanhde12
Ұзындығы 56 метргежететін Вознесенский кафералық үлкен шіркеуі 1907 жылы Тянь-Шаньтауларының көк шыршаларынан салынды. Аңыз бойынша, құрылыс барысындабірде-бір шеге қағылған жоқ. Шіркеу 1911 жылы болған жер сілкінісінде ешзардап шеккен жоқ. Кеңес заманында шіркеу ғимаратында өлкетану мұражайыболды. 1997 жылы шіркеуде құдайға құлшылық ету қайта жаңғырды.Қала атауы бірнеше рет өзгерген: Алматы, Алмату, Алмалык,Заилийский, Верное, Верный, Алма-Ата.Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы жеңіске жетуге өз үлесін қосқанқала. Тыл жұмыстары арқылы әскерге көмек берумен қатар, жауынгерлікерлік көрсетті. 1941 жылдың шілде айында генерал И. В. Панфиловтыңатқыштар дивизиясы осы қалада құрылған болатын.Алматыдағы жер үйлер орналасқан бір аудан ел аузында «компот» депаталынады. Себебі, бұл ауданның көше аттарына жеміс-жидек атауларыберілген: «Виноградова», «Грушевая», «Яблочная», «Садовая» т.с.с.Алматы – көптеген әсем субұрқақтарымен танымал. Қалада 120-дан астамсу бұрқақтары бар. Көктем мезгілінде қалада «Су бұрқақтар күні»мерекесі өткізіліп, шара барысында қаладағы барлық су бұрқақтар бірсәтте іске қосылады.Алматы қаласының көрікті жерлеріКөктөбе және Алматы телемұнарасы. Теңіз деңгейінен 1130 метрбиіктікте орналасқан Көктөбеге фуникулер мен шағын автобустар арқылыжетуге болады. 1967 жылы салынған фуникулер жолдары Алматының ел аузында«компот» деп аталған жер үйлер орналасқан аудан арқылы жүріп өтеді.Көктөбеде мейрамханалар, «Beatles» ескерткіші, хайуанаттар бағы,алтыбақан, атракцион орналасқан. Көк төбеге шығып, Алматы қаласыныңтолық көрінісіне тамсануға болады. Биіктігі 372 метрге жететін Алматытелемұнарасы 1975-1983 жылдары салынған.2. «Beatles» ескерткіші. Әйгілі ливерпуль төрттігіне арналған ТМДелдерінің аумағындағы алғашқы ескерткіш 2007 жылы қойылды. Қолатөрттігінің авторы Эдуард Казарян.3. Республика Сарайы. Достық және Абай даңғылының қиылысында орналасқанғимаратта мәдени іс-шаралар, концерттер, фестивальдер өткізіледі. Сарайалаңында ғұлама ақын Абайдың ескерткіші орнатылған.4. 28 гвардияшы панфиловшылар атындағы саябақ Медеу ауданындаорналасқан. Аумағы 18 гектарға жететін саябақ ішінде Вознесенскийкафералық үлкен шіркеуі, Офицерлер үйі, Ықылас атындағы халық аспаптармұражайы, даңқ мемориалы, И.В. Панфилов пен Бауыржан Момышұлыескерткіштері бар.5. Даңқ мемориалы 1975 жылы жеңістің 30 жылдығына орай салынды. 1975жылдың 8 мамырында ашылып, мәңгілік алау жағылды. Сол жағында «серт»горельефі, ортада Мәскеу үшін өмірлерін қиған қаһармандардың образыбейнеленген «Ерлік» триптихы, оң жақта «атақ-даңқты ұрандатқан»композиция орналасқан.6. Офицерлер үйі 1978 жылы салынды. Жоба авторлары – Ю.Г.Ратушный, О.Н.Балықбаев, Т.Е. Ералиев. 28 гвардияшы панфиловшылар атындағы саябақтыңшығыс жағында орналасқан.7. Ықылас атындағы халық аспаптар мұражайы 1980 жылдан бастап жұмысістейді. Мұражайда қазақтың барлық халық аспаптары жиналған. Мыңнанастам жәдігер өнерсүйер қауымның назарына ұсынылады.8. Орталық мешіт 1999 жылы шілде айында салынды. Мәрмәр тастарданқашалған мешіт ислам дінінің нышанына айналды. Мешіттің төбесіндегі көккүмбез жанында ұзындығы 47 метрге жететін мұнара орналасқан.9. Тәуелсіздік монументі. Жаңа алаңда орналасқан монумент қазақ халқыныңдамуы мен қалыптасуын аяндайтын тарихи шежірені бейнелейді. Кешенніңортасында тәуелсіздіктің нышанына айналған «Алтын адам» орналасқан.10. Медеу спорткешені. Қаладан 15 шақырым жерде орналасқан кешен 1972жылы Медеу шатқалында салынды. Мұз айдыны еш қоспасыз, тау бұлағынанаққан су мен табиғи аяздан қатаяды. Медеу теңіз деңгейінен 1,691 метрбиіктікте орналасқан. Аумағы 10 500 шаршы метр. Спорткешенде «Медеу»қонақүйі, сауықтыру орталығы, баспасөз орталығы, мейманхана, 2 жүзубассейні орналасқан. Қыс мезгілінде демалыс күндері әуесқойконькишілерді сағат таңғы 9:00-ден түнгі 23:00-ге дейін қабылдайды. 2011жылы айдында VІІ қысқы Азия ойындары кезінде жарыстар өткізілді.
Answers & Comments