Зат белгілерінің әр түрлілігін немесе бір-бірінен артық-кемдігін білдіретін сын есім формалары шырай деп аталады. Қазақ тілінде шырайдың төрт түрі бар. Олар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай және асырмалы шырай.
1. Заттың жай белгісі, түрін, түсін, көлемін, сапасын, аумағын, салмағын, т.б. көрсететін белгіні жай шырай деп атаймыз. Мысалы: дәмді, қымбат, әдемі, үлкен.
2. Салыстырмалы шырай - зат белгілерінің артық-кемдігін бір-бірімен салыстыру аркылы анықтайтын шырай түрі.
Салыстырмалы шырай келесі жұнақтардың жалғануы арқылы жасалады:
1) - ырақ, - ірек, - рақ, - рек: жақсырақ, қызылырақ, көбірек т.б.
3. Күшейтпелі шырай – белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырай түрі. Күшейтпелі шырай негізгі сын есімге күшейткіш буынды қосу арқылы жасалады. Мысалы: қып - қызыл, сап - сары.
4. Асырмалы шырай - зат белгілерін басқа заттардан тым көтеріп немесе тым төмендетіп көрсететін шырай түрі. Мысалы: тым қымбат, аса бағалы. т.б.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Сын есімнің шырайлары.

2) - лау, - леу, - дау, - деу, - тау, - теу: жасылдау, аласалау, төмендеу т.б.
3) - қыл, - ғыл - қылт, - ғылт: сарғылт, дымқыл т.б.
4) - шыл, - шіл: көкшіл, ақшыл т.б.