Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.
Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. жатады.
Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дәуірден) бастап, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері болған.
Палеоген дәуірінің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларға субтропиктік жалпақ жапырақты ормандар тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі- ұсақты көлдер пайда болған.
Неоген дәуірінде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып калған. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзақ кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктер мен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен.Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.
Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда әлі де сақталған. Оларға тундра кекілігі, жапалақ, т.б. жатады. Мұз дәуірінен кейін Қазақстанға Орталық Азия жануарлары мен құстары өткен. Оларға құр, тоқылдақ, самыр- құс, ор қоян жатады. Кейін олар дала және шөл зоналарына ауысқан.
Answers & Comments
Ответ: