Синхай революциясы (1911 — 13), Қытайдағы монархиялық билікке қарсы бағытталған. XIX ғасырдың аяғында Қытайдың шетелдіктерге жартылай отар ел болуы Синхай революциясының шығуына себеп болды. Синьхай революциясын дайындауда Туньмэнхуэй революция ұйымының рөлі зор болды. Көтеріліс Қытайдың ай календары бойынша синхай айында басталды. 1911 жылы 10 қазанда Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы Учан қаласында әскери бөлімдер көтеріліс жасады. 11 қазанда Учанда республикалық басқару енгізіліп, Хубэй провинциясында әскери үкімет құрылды. Шет мемлекеттердің қарсылығын тудырмау мақсатында оларға Цин үкіметі кезінде қол жеткізілген “ерекше құқықтарын” сақтауға кепілдік берілді. 18 қазанда батыс державалары “бейтарап” саясат ұстанатындықтарын жариялады. Хубэйдің ізінше басқа провинцияларда да көтерілістер болып, қарашаның аяғында Оңтүстік, Орталық, Солтүстік Қытайдың 15 провинциясында Цин әулетінің үстемдігі құлатылды. Революция қозғалыс Қытайдың ұлттық аймақтары Сыртқы Моңғолия, Шыңжаң және Тибетті де қамтыды. Цин үкіметі Солтүстік армияның қолбасшысы Юань Шикайға оңтүстікке қарсы соғыс қимылдарын жүргізуді тапсырды. 1911 жылы 29 желтоқсанда провинциялар өкілдерінің жиналысы Сунь Ятсенді Қытай Республикасының уақытша президенті етіп сайлады. 1912 жылы 12 ақпанда Цин әулетінің соңғы императоры Пу И тақтан бас тартып, елді басқаруды Юань Шикайға берді. 14 ақпанда ол революцияшыл оңтүстікпен келісімге келіп, уақытша президент қызметін иеленді. Ятсен президенттіктен бас тартатындығын мәлімдеді. Жаңа үкіметтің құрамы Юань Шикай жақтастарынан белгіленді. Осыны пайдаланған ол өзінің жеке диктатур. тәртібін құруға тырысты. 1912 жылы тамызда жаңа саяси Гоминдан (Ұлттық партия) партиясы құрылды. Осы жылдың аяғында болған сайлауда Гоминдан парламентте көп орынға ие болғанымен олардың билікке араласуына Юань Шикай өкіметі мүмкіндік бермеді. Жаңа өкімет жер-жерде жазалау шараларын жүргізді. 1913 жылдың жазында Жапонияда жүрген Сунь Ятсен өзінің жақтастарын Юань Шикайға қарсы “екінші революция” жасауға шақырды. Бірақ оның бұл үндеуі кең қолдауға жете алмады. 1913 жылы қазан айында Юань Шикай Қытай Республикасының тұрақты президенті болды және оны батыс державалары мойындады. Қараша айында ол парламентті таратып, Гоминдан партиясының қызметіне тыйым салды. 1911 — 13 жылдардағы революция маньчжурлық монархиялық тәртіпті құлатып, басқарудың республикалық үлгісін құру міндетін жүзеге асырғанымен, елде Юань Шикай диктатурасының орнауына жол ашты.
Answers & Comments
Ответ: