Сиырдың сөзінен қорытынды жасап, қай кейіпкерге берілген мінездеме екенін тап.
Жатыр әлі айқайлап...
Керкілдесті, керісті,
«Жүгінетін біреуді
Табалық деп келісті.
Ең соңында олар Сиырға кезікті. Сиыр оларға былай жауап берді:
Мына менен әуелі
Шыққансыңдар өздерің.
Шытынама, Балқаймақ,
Сені сүттен беріп ем.
Ал, Бәтіңке, айғайлақ,
Жасалғансың теріден.
Сен де, Шұжық, безілдек,
Шығасың ғой етімнен.
Енді «Өзім! Өзім!» – деп
Екіленбе бетіңнен!
Сөйте тұра өзімді
Мақтамаймын, таспаймын.
Әрқашан да сөзімді
Бақташыдан бастаймын.
Шалқытып ел табысын,
Жайлауда жүр малшылар.
Қыс боранмен алысып,
Жаз жаңбырға малшынар.
Айтсам егер шындықты,
Сол қадірлі сол мықты!
Көргің келсе бұларды,
Қазір бәрің ер маған!
Олар асып қырларды,
Бір-ақ шықты фермадан.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.