Сізге саяхаттау өте ұнайды. Ел-жер көру үшін кезекті саяхатыңызда ұшақты емес, пойызды таңдадыңыз. Жол үстіндегі көрген қызықты оқиғаңыз, кездескен кедергі мен ерекше әсеріңіз туралы күнделік жазыңыз. Күнделігіңізде берілген афоризмді қолданыңыз. Афоризмдер: 1. Жол сұрамай, жолға түспе. 2. Жол сұраған адаспайды. 3. Жолаушыны жол сынайды.
Answers & Comments
Біздің керемет саяхат.
Жазғы демалыста біз достарымызбен қызықты саяхатқа жол тарттық. Алдынғы жылдары біз ұшақпен шет елдерге саяхаттаған болатынбыз. Бұл жолы өз жеріміздің көрікті жерлерін пойызбен аралауға бел будық та, Қазақстанның әдемі жерлерін іздестіре бастадық. “Жол сұрамай, жолға түспе” демекші, баратын жерімізді біраз зерделеп, ауа-райын бақылап, шабаданымызды жиып, жолға шықтық.
Пойызға жайғасып, Көкшетауға жол тарттық. Жолда неше-түрлі қызықты оқиғалар болды. Қазақстанның кең байтақ жерінің әдемілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әр аялдамадан өзіндік рахатты сезінесің.
Нұр-сұлтанның теміржол вокзалына келіп тоқтадық. Құрбым екеуміз бас қаланың әсемдігіне таңданып қарап тұрғанымызда, “жолаушыны жол сынайды” демекші пойыздың қалай жылжып кеткенін байқамай қалдық. Алды артымызға қарамай жүгіріп, айғайлай беріп едік, байқап қалған жол серік қолын былғап, соңғы вагонға кіріп үлгердік. Есесіне, қызықтың көкесі енді басталғандай болды, біздің вагон басында болғандықтан, жетеміз дегенше пойыздың ішінде, даланы да тамашалап үлгердік. Достарымыз да, қатты қорқып қалған көрінеді, бас қосып бар қызықпен бөлістік. Осылайша, Көкшетауға да жеттік.
Таныс емес жер болғандықтан, қолымызда картамыз болса да, “Жол сұраған адаспайды” деп алдымыздан кездескен адамдардан сұрастырып, ғажайып Оқжетпес пен аты аңызға айналған тауларға бардық.
Бұл саяхат ешқашан естен кетпейтін демалыс болды.