Ұстаз - ұлы есім» - дейді Мұхтар Әуезов. Иә, расында да, «ұстаз» деген сөздің астарында мән-мағынаның бәрі бар, бәрі де бар: білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік, мейірімділік пен мейірбандық, талапшылдық пен турашылдық... Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуына, дүниедегі әрбір мамандық иесінің болашаққа қанаттануына себепкер болатын жанашыр, ізденімпаз адам – ұлы ұстазымыз. Менің ойымша, әр шәкірттің жанына жақын келетін, ең сүйіктісіне айналатын, өмірлік ұстанымдарының жаршысына айналатын ұстазы болады. Менің де сүйікті ұстазым бар. Ол кісінің ғибрат алар әрбір сөзі, кескін-келбеті, бәрі-бәрі мен үшін – үлгі-өнеге. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, ұстазымды ең алғаш рет көріп-білгеннен бастап, ол кісіге деген құрметім, сабаққа деген зейінім артты.
Answers & Comments
Ответ: