Ертеректе, бір қарияның балаларының аты —- Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен.
Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болып, Атасы өзеннің ар жағынан, сасқалақтап жүгіріп келіп: "Судың ар жағында, қамыстың бер жағында, қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға хабар бер, Балтабай пышақ қайрап əкеліп, адал бауыздап алсын.
Мен қасқырды қуып кеттім", —- депті.
Мұнысы —- "қысылтаяң шақта, келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайнаға, қайын Атасының атын атап қояр ма екен?" —- деген ойы ғой.
Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: "Шапқы-ау, Шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында, маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам "жаныманы білеуітке жанып əкелсін" дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті". —- депті.
Answers & Comments
Ответ: