сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар:
1)" қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеу өнеріндегі портреттер" көрмесінде "150-дей портрет болды.
2) оның біраз бөлігі өткен жүзжылдықта жасалған.
3) экспозицияға қойылған жұмыстардың арасында өзара дос суретшілердің портреттері мен автопортреттері де бар.
Answers & Comments
Verified answer
"Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеу өнеріндегі портреттер" көрмесінде 150-дей портрет болды.болды - етістіктен болған баяндауыш
не болды? - портрет - бастауыш
қанша портрет? - сан есімнен болған анықтауыш
қайда болды? - көрмесінде - мекен пысықтауыш
Қай көрмеде - "Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеу өнеріндегі портреттер" - анықтауыш
Оның біраз бөлігі өткен жүзжылдықта жасалған.
жасалған - етістіктен болған баяндауыш
не жасалған? - біраз бөлігі - бастауыш
қашан жасалған? - жүзжылдықта - мезгіл пысықтауыш
қай жүзжылдықта? - өткен - анықтауыш
ненің бірақ бөлігі? - оның - анықтауыш
Экспозицияға қойылған жұмыстардың арасында өзара дос суретшілердің портреттері мен автопортреттері де бар.
бар - баяндауыш
не бар? - портреттері мен автопортреттері - бастауыш
кімнің портреттері мен автопортреттері? - суретшілердің - анықтауыш
қандай суретшілердің? - өзара дос суретшілердің - анықтауыш
қайда бар? - арасында бар - мекен пысықтауыш
ненің арасында? - жұмыстардың - анықтауыш
қай жұмыстардың - экспозицияға қойылған - анықтауыш