сөйлемді талдау
Ол бұрын ауылда киетін қос етек көйлек, оқалы қамзол, асыл тасты биік сәукелесін тастап, қала сəніне, оның ішінде татар қыз-келіншектерінің киім үлгісіне қарай бейімделе бастаған. Үстіне қос етекті торғын көйлек, кестелі қызыл қатипа қамзол, басына асыл тастары шам нұрына шағылған, ақ жібек кіреукелі, биік сәукеле киген Айжан көзге оқшау көрінеді. Аппақ шатырдай кимешек-шаршысына қылау түспейтін, қызыл күрең қaтипа камзолының екі өңірінде қапсырмалы күміс түймелер үймелеген, екі қолының салалы саусақ- тары алтын жүзіктерге толы Ажардың қазіргі сәні де жұрттан өзгеше. Деме- жанның үстінде қасқыр ішік, түлкі тымақ, саптама етігі бар. Көкжал Барақ күпісін жамылып, қорылдаған қалпы дүниені басына көшіріп жатыр.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.