Сұлу Көкше өңірінде биік тау бар. Жерден атқан садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен.
Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды қолмен əдейілеп қалағандай көрінеді. Қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тастарына қадалып өскен.
Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау аз емес еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сəл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің мөлдір суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сəтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, əл-дəрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Жау қолына тастамас үшін пілін де төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек.
(168 сөз)
1. Баланы қалай сипаттайды?
__________________________________________________________________
[1]
2. Кейіпкер қандай тілек тілейді?
__________________________________________________________________
[1]
3. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбы бола алады?
А) Ел іші - алтын бесік.
В) Туған жер - алтын бесік.
С) Айлалы батыр алдырмас.
Д) Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
[1]
4. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
а. ер______________
в. демалу_______________
с. дұшпан ____________
[1]
5. Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.
Оқиғалар Реті
Қаруы жоқ батыр дұшпандармен айқасады.
Пілді жауға қалдырмас үшін көтеріп алады.
Бала батыр болып өседі.
Көлге шомылып, қарағайдың ортасында демалып жатады.
Answers & Comments
Ответ:
1)Бала батыр,ержурек,мықты болып өседі.
2)Батыр дұшпандарынын қолынан қорлық коргенше құдайдан озінінтаска айналдыруын сурайды.
3)Д)
4)
А.Ер-батыр
В.Демалу-тынығу
С.Дұшпан-жау
5)
1.Бала батыр болып өседі.
2.Колге шомылып,қарағайдың ортасында демалып жатады.
3.Қаруы жоқ батыр дұшпандармен айқасады.
4.Пілді жауға қалдырмас үшін көтеріп алады.
Объяснение:
Ну так