Балқаш – Азиядағы ең ірі су қоймаларының бірі. Бұл көл Қазақстанның үш облысының аумағында орналасқан: Алматы, Жамбыл және Қарағанды. Көлдің жалпы ауданы 16,5 мың шақырымды құрайды. Пішіні жарты айға ұқсас. Оның ұзындығы 600 км, ал ені 70 км-ге дейін жетеді. Ең терең жері – 26 метр. Геологтардың пікірінше, ол 35000 жыл бұрын пайда болған. Балқаштың басты ерекшелігі: оның бір бөлігі – тұшы судан, ал екінші бөлігі – тұзды судан тұрады. Тағы бір таңқалдыратын құбылыс, ол құрғақ климатты шөл далада және жауын-шашын сирек жауатын аймақта орналасқан. Балқаштың флорасы мен фаунасы алуан түрлі. Балықтың шамамен 20 түрі бар! Ежелгі қазақтар оны «Балық ас» деп атаған екен. Сонымен қатар, құстардың 120 түрі кездеседі, олардың 12-сі Қызыл кітапқа енгізілген. Бұл аймақ – өте сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерге толы. Ежелгі аңыз бойынша, Балқаш есімді сиқыршының, Іле деген қызы болған. Ол өз қызын ең мықты жігітке күйеуге шығарғысы келген. Осы мақсатта сайыс өткізіп, оған ең бай жауынгерлер мен көпестер қатысты. Бірақ, бұл байқауда қарапайым бақташы Қаратал жеңімпаз атанып, Іле екеуі түнде әкесінен қашып кетті. Бұған ашуланған Балқаш, оларды өзендерге айналдырды. Ал, сиқыршының өзі, екі өзеннің қосылуына жол бермеу үшін, көлге айналды. Қазіргі уақытта, көлдің суын Қазақстан және Қытай мемлекеттері ұтымсыз пайдалануда. Сол себепті, оған тартылып қалу қаупі төніп тұр. Сондай-ақ, тау-кен металлургиялық өндірісінің қалдықтары – судың ластануына септігін тигізіп жатыр. Өкінішке орай, демалуға келетін туристердің кесірінен де, көлде қоқыстар жиналып келеді.
Answers & Comments
Ответ:

Толығырақ: https://faktiler.kz/balkash-koli-turaly-malimet/