сочинение на казахском на тему мой город с переводом пожалуйста
Answers & Comments
lanhde12
Мен Тараз қаласында тұрамын. Менің туып өскен, кіндік қаным тамған жерімде осы ара. Тараз – көпжылдық тарихы бар, өзіндік ерекшеліктерімен деталай жұртқа танымал шаһар. Қала тұрғындары да өте мейірімді, аққөңіл,мәдениетті, саламатты өмір салтын ұстанатын жандар. Мен өз қаламдыерекше ұнатамын, сүйемін, сыйлаймын әрі құрмет тұтамын. «Алып анадантуады» демекші, Тараз қаласынан әлемге әрі ұрпаққа аты әйгілі боп қалғанкөптеген танымал тұлғалар: ақындар, жазушылар, ғалымдар, халқынақалаулы, еліне елеулі азаматтар – шыққан. Менің қалам – мақтан тұтарлыққала! Тараз қаласының жастары қоршаған ортамыз табиғатқа ықыластанақамқорлық жасайды. Өйткені, өсіп тұрған әрбір тал-дарақ біздіңөмірімізге, оның ішінде денсаулығымызға көп пайдасын тигізуде. Табиғатана бізге сый берсе, біз де оған «сыйға-сый» ретінде айрықша қамқорлықтаныта білуіміз қажет. Біздің қаламызда жылма-жыл дерлік жас көшеттеротырғызу ісі дәйектілікпен жүзеге асырылып отырады. Сол көшеттер біздіжаман иістерден қорғайды. Тараздың мәңгі жасыл қалаға айналуынасептеседі. Айтпақшы, былтыр қала тұрғындары Қазақ хандығының 550 жылдықмерейтойын атап өтті. Мерекелік іс-шараларға ата-анама ілесіп мен дебардым. Үлкен ағалардың жаңадан көптеген гүлзарлар ашқанын көрдім.Әсіресе, маған Керей мен Жәнібек хандарға тұрғызылған ескерткіштің маңы,«Көне Тараз» ашық аспан астындағы мұражай-саябағы кереметтей ұнады.Тараз гүл-қалаға, таза қалаға айналды. Қаламыздың осы қалпы сақталуынабіз де үлес қосамыз. Оның әрбір тал-гүлін, көшетін аялауға тиіспіз.Гүлзар алаңдарды енді достарыммен бірге демалыс сайын келіп тамашалаудыдағдыға айналдырамын. Әркім де туған жерінен жыраққа кетсе де, туғанжерін аңсамауы мүмкін емес. Ақылың қаланы қаласа, жүрегің әрқашан туғанөлкеңді қалайды. Мен әрқашан өз қаламды мақтан тұтамын!
Answers & Comments