Қобыз- халықта қасиетті болып есептелген. Жай халық бұл аспапты қолдарында ұстауға да қорқады. Өйткені, қобыз - бұл аспаптың иесі бақсы сияқты ерекше сиқырлы қасиетке ие және адам тағдырына әсер етеді деген наным бар. Аңыз-естеліктер бойынша қобыз және қобыздық музыка адам денесінен ауыр рухтарды, аурулар мен өлімді қуған. Қобыз - екі қылды шекті, ысқысы бар аспап. Ол Сібір, Орта Азия, Повольжья, Закавказья және басқа да халықтарда сақталған, ысқысы бар аспаптар тобына жатады. Әрбір халықтың мұндай ысқылы аспаптарының өз атауы бар, олардың құрылысы, қылды шектері, ойнау тәсілдері ұқсас. Ерте заманғы аспап екендігін аспап құрылымынан аңғаруға болады. Қобыз арша, қайың сияқты ағаштың тұтас бөлігінен жасалады. Аспап үш бөліктен тұрады: бас, кеуде, аяқ, негізгі бөлігі ашық кесе түрінде болады. Аспаптың төменгі бөлігі терімен тартылады. Оған тиек қойылады. Қобызға арналған шектер әлі күнге ат қылынан жасалады. Ысқы доға түрінде болады және жебені еске салады: екі жағы қайырылған бұтаққа ат қылы байланып, түйе жүнінен жасалған мықты жіппен бекітіледі. Орындаушы ысқыны алақанымен жабады. Шамандық аспап ерекше болған, оның басына үкінің қауырсыны, мүйіз тәріздес темір пластинкалар, құстардың бейнесі ілінгең олар музыка әуенімен тербелетін болған, шанақ түбіне айна орнатылады. Осының барлығы жәй сәндік безендірмелер емес, шамандық, бақсылық белгілемелер болған. Қобыз ерекше бай және әрқилы дауысты беретін аспап. Қобызбен осы аспапты өмірге әкелген Қорқыт туралы философиялық аңыз тығыз байланысты.
Answers & Comments
Қобыз - халықта қасиетті болып есептелген. Жай халық бұл аспапты қолдарында ұстауға да қорқады. Өйткені, қобыз - бұл аспаптың иесі бақсы сияқты ерекше сиқырлы қасиетке ие және адам тағдырына әсер етеді деген наным бар. Аңыз-естеліктер бойынша қобыз және қобыздық музыка адам денесінен ауыр рухтарды, аурулар мен өлімді қуған. Қобыз - екі қылды шекті, ысқысы бар аспап. Ол Сібір, Орта Азия, Повольжья, Закавказья және басқа да халықтарда сақталған, ысқысы бар аспаптар тобына жатады. Әрбір халықтың мұндай ысқылы аспаптарының өз атауы бар, олардың құрылысы, қылды шектері, ойнау тәсілдері ұқсас. Ерте заманғы аспап екендігін аспап құрылымынан аңғаруға болады. Қобыз арша, қайың сияқты ағаштың тұтас бөлігінен жасалады. Аспап үш бөліктен тұрады: бас, кеуде, аяқ, негізгі бөлігі ашық кесе түрінде болады. Аспаптың төменгі бөлігі терімен тартылады. Оған тиек қойылады. Қобызға арналған шектер әлі күнге ат қылынан жасалады. Ысқы доға түрінде болады және жебені еске салады: екі жағы қайырылған бұтаққа ат қылы байланып, түйе жүнінен жасалған мықты жіппен бекітіледі. Орындаушы ысқыны алақанымен жабады. Шамандық аспап ерекше болған, оның басына үкінің қауырсыны, мүйіз тәріздес темір пластинкалар, құстардың бейнесі ілінгең олар музыка әуенімен тербелетін болған, шанақ түбіне айна орнатылады. Осының барлығы жәй сәндік безендірмелер емес, шамандық, бақсылық белгілемелер болған. Қобыз ерекше бай және әрқилы дауысты беретін аспап. Қобызбен осы аспапты өмірге әкелген Қорқыт туралы философиялық аңыз тығыз байланысты.