СОРРР

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз.

Шаруалар қозғалысының көрнекті қайраткері, қаһармен ақын, әр күйші, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі- Махамбет Өтемісұлының өз халқы үшін еткен еңбегі зор. Ол жырымен де , күшімен де озбырлыққа, зорлыққа қарсы аянбай күресті. Махамбеттің ұлылығы – езілген шаруалар табына шын беріліп қызмет етуі, оған теңдік, бостандық әперем деп күреске шығуы.

Махамбет үгітші , насихатшы ғана емес, ол шаруаларды күреске ұйымдастырып басқарушы, қолына қару алып «қара қазан сары бала қамы үшін» ашық қимылға шыққан батыр.

Сондықтан оның өмірі, қызметі кейінгі ұрпақтың таптық санасын, патриоттық сезімін оятып , өз халқы үшін қайтпас- қайсар, қажырлы күреске тәрбиелейді. Махамбеттің жігерлі жырлары, өткір сөздері кімнің де болмасын ішкі жан дүниесін оятып , жүрегін тебірентеді.

(И.Кенжалиев "М.Өтемісұлы ( өмірі мен қызметі туралы қысқаша очерк)

Түсінік:

тап - класс, сословие ( шаруалар табы- крестьянское сословие)

Қаһарман сөзіне мәндес сөзді табыңыз

саналы, ойлы

ержүрек, батыл

сыйлы, құрметті

Назад

Вперед


Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.