составить 5-6 вопросов
Геологтердің тауды зерттеуін дәрігердің адам қарауымен салыстыруға
болады. Дәрігерлер адамның денсаулық күйін білу үшін сыртқы бейнесіне
көз жібереді, одан кейін тамырын ұстайды. Өкпенің демалысын, жүректің
соғуын тыңдайды. Кеудесін қағып көреді, ток жібереді, қанын алып қарайды.
Керек болған жағдайда хирургтер Операция жасайды.
Геолог те алдымен таудың сыртқы құрылысына қарайды. Тастардың
бітісіне, жатысына назар аударады. Әр жерін шұқып, тырнап көреді. Ди-
намитпен қопарып, «тау кеудесін» тыңдайды. Дәрігерлердің қан алғаны
сиякты тау қойнынан белгілер алып, зерттейді. Сонан кейін керек болған
жерде жалаңдаған аспаптармен тауға «операция жасайды». Таудың қарнын
тесіп, ішін ақтарып, талдайды. Ақыры таудың тіршілігін толық анықтайды,
тәжірибе жүргізеді. Оның қазынасын тауып, халықтың керегіне жұмсайды
Таудың сырын зерттеу — өнер. Оны білу үшін адам білікті, шығармашыл
акылды, оның тасын да сүйе алатындай мейірімді болуы керек...
А. Машан перевод​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.