СОСТАВЬТЕ ПОЖАЛУЙСТА 4 ВОПРОСА К ТЕКСТУ
Германияда оқу үшін орынды негіздер
Германия өзінің тарихи қалаларымен және әр алуан ландшафтымен ғана әйгілі емес, ол сондай-ақ бүкіл әлемге танылған мәдениет және өнер орталығы болып табылады. Германия әлемнің жетекші жоғары дамыған индустриалды мемлекеттердің қатарына жатады, бұл жоғары дәрежелі университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтардың елі.
Mercedes автокөліктері және «Siemens» фирмасының телефондары, MP3-формат, аспирин таблеткалары – осының бәрі Германияны бүкіл әлемге әйгілі еткен аз ғана жетістіктер. Қазақстан да бұдан тыс қалған жоқ, 2010 жылы Германиядан бір миллиард АҚШ долларынан астам сомаға өнім импортталды.
Экономикалық табыс неміс жоғары оқу орындарының және зерттеу зертханаларының жетістіктерімен тығыз байланысты. Соңғы 19 жылда 20 неміс ғалымы Нобель сыйлығын алды. Көп ғасырлық дәстүрі бар университеттер, мәселен, Хайдельберг қаласының университеті, жас әрі инновациялық жоғары оқу орындарымен және жоғары санатты алдыңғы қатарлы зерттеу орталықтарымен қатар бүкіл әлемнің студенттері мен ғалымдарына оқу және ғылыми қызмет үшін мүмкіндіктердің кең аясын ұсынады.
Германияда оқудың төмендегідей жақсы жақтары бар:
Ең алғашқы неміс университеті 1386 жылы Хайдлбергте құрылды. Ал бүгінгі таңда 300-ден астам неміс жоғары оқу орындары жоғарғы дәрежелі білім береді.
100 млн-дай адамның ана тілі боп табылатын неміс тілі –Еуропадағы ең көп қолданылатын тіл. Үздіксіз өсіп отырған неміс экономикасы мен оның бүкіл әлемдік қатысы неміс тілінің әлем нарығындағы құнын уақыт озған сайын жоғарылатып отыр.
Студенттердің тіршілік шығындары алуан түрлі жәрдем көрсету қорлары мен қолдаулар арқылы қысқаруда.Жоғары оқу орындарының бос уақытты көңілді өткізуге арналған әр түрлі спорттық, мәдени және басқалай ұсыныстары университет территориясынан тыс жерлерде де орын алады.
Answers & Comments
германияда қандай фирмалар бар?
Германия кандай елі?
Неге Германияда Mercedes шығарады?