Спорт – денсаулық кепілі. Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі - жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп, түрлі жаттығулар жасауға болады. Білім алушылар мектептің дене шынықтыру үйірмелеріне тұрақты қатысулары керек. Онда арқанмен тартылады, секіреді, жүгіреді. Өйткені, олар спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін, спортпен айналысудың адам өмірін ұзартатынын білуі шарт.
Денсаулықты сен ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың, сондықтан оны нығайту үшін далада спортпен шұғылданудың маңызы зор. Мысалы, бос уақыттарда достарыңмен бірге сырғанаққа коньки тебуге, бассейнге жүзуге барып тұруға да болады. Ғалымдардың айтуынша, күніне 30-40 минут уақытыңды спортқа бөлсең, ауруға шалдығу қаупі 30%-ға азаяды. Бүгінгі таңда қаламызда денсаулығымды нығайтып, спортпен айналысамын дейтін адамдарға арналған көптеген спорт үйірмелері және арнайы спорт мектептері бар. Біз әр күнімізді тиімді пайдаланып, денсаулығымыздың күшті болуы үшін спортпен айналысумыз қажет.
Еліміздің ертеңгі тізгіні - жастар, сондықтан да жас ұрпақтың дені сау болуы өте маңызды болып саналады. Біз сонда ғана өз еліміздің дамыған, алдыңғы қатардағы ел екендігін көре аламыз.задание->Мәтіннен мезгіл, мекен үстеулерді тауып, бірнеше сөйлем құрап жаз.
(Наречие: мекен-место, мезгіл-времени) ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.