Сұрақтарға жауап беріңдер 1 Қaндай жерлерге саяхаттап бардың? 2 Саяхатта не ұнады? 3 қандай жерлерге саязаттағың келеді? Неге? 4 Саяхатшылар туралы қандай шығармалар оқыдың? 5 Жазушы болсаң, не туралы жазар едің:? Неге? 6 Жюль Верннің Әлемді 80 күнде шарлау романын оқыдың ба? 7 Шығарма не туралы? 8 Сенің ойыңша, әлемді қанша күнде шарлап шығуға болады?
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
1. Мен Қазақстан бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қостанай қалаларында болдым және отбасымызбен Түркияға саяхаттап бардық.
2. Саяхатта жаңа жерлерді көріп, тарихи мәліметтер білген ұнайды. Сонымен қатар көрікті жерлерде суретке түскенді ұнатамын.
3. Мен шетелге, атап айтқанда Еуропа елдеріне саяхаттап барғым келеді.
4. Саяхатшылар жайлы "Граф Монте Кристо" және "Екі капитан" деген шығармаларды оқыдым.
5. Егер мен жазушы болсам, саяхаттан алған әсерлерім жайлы жазар едім.
6. Иә, оқыдым.
7. Шығарма ағылшындық Филеас Фогг пен оның қызметшісі Паспартудың әлемді 80 күнде шарлауы туралы.
8. Егер асығыстық танытпай, әрбір жерде кем дегенде 1 күннен аялдаса, жарты жыл жеткілікті болар.