СРОЧНО ДАЮ 20 Б
Алатау тауы Алатау — жеріміздің көркі, еліміздің сәні болып саналады. Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Жетісу тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы. Ол солтүстік-шығысында Алакөл қазан шұңқыры мен оңтүстік-батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 км. Біздің Алатау, негізінен, Алматы облысының, яғни Жетісудың жерінде. Табиғаты әсем, жаратқанның жарылқап бере салған бір құт мекені. Қойны-қонышы толған ел, шипалы су, таза ауа, берекесі бойында тұрған құнарлы жер. «Қазық қақсаң — терек болып шығатын» бау-бақшалы жердің нақ өзі. Жер жәннаты — Жетісуға нәр беріп, әр беріп, көркейтіп, көктетіп тұрған, оны Жерұйық атандырған осы Алатаудың нұры. Алатаудан басталатын құнарлы Іле өзені жеріміздің қақ ортасындағы Балқаш көліне құйып, ен даланың да мейірін қандырып, Бетпақдала мен Сарыарқаға да нәр беріп тұр. Тау қойнауларындағы сандаған демалыс және сауықтыру орындары, Медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орындар Алатау мәртебесін арттыра түсіп, баурайына жұртшылықты жинай түсуде. Мекен еткен кісі алыс кетсе сағындыратын, көрген жанның есінен кетпейтін Алатаудың табиғаты жылдың қай мезгілінде болсын көркем, таза, қызықты.
1-тапсырма. Мәтінге тірек болатын сөздерді тап. Сол сөздермен бірнеше сөз тіркесін құра.
Answers & Comments
Ответ:
Тірек сөздер:Алатау тауы,тау,Жетісу,табиғат,өзен,
Сөз тіркестері:үлкен Алатау,алып тау,көркем Жетісу,көркем табиғат,батпақты өзен