СРОЧНО МОЛЮ МАМА УБЬЁТ СДЕЛАЙТЕ 70 БАЛОВ
1-тапсырма. Мәтінді оқы. (прочитай текст)
Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етеді. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар көп болады. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, тексеріліп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне ескеріп, өзіңізді күтіңіз.
Саяхатқа шықпас бұрын барар мекеннің климаты, салты, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз. Қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алу өте пайдалы. Жолға жиналғанда қажетті заттармен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.
Саяхат кезінде беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз. Дәріханадан антибактериалды сабын я сұйықтық сатып алыңыз. Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шәй ғана ішіңіз. Газдалған сусындарды пайдаланбаңыз. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып жеңіз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден ғана алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаңыз.

1.1. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз. (по тексту определи 2 правильных информации и 1 неправильную информацию)
Тұжырым Шын Жалған
A Саяхат кезінде беті-қолыңызды үнемі жуып тұрыңыз
B Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген дұрыс
C Заттарды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алудың қажеті жоқ
1 балл
1.2.-1.3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз. (из текста найдите антоним слово «зиянды» и синоним слово «жиналған»)
зиянды (антоним) - _______________________________________ 1 балл
жиналған (синоним) - _______________________________________ 1 балл

1.4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3). (определи порядок предложений по тексту и поставь нумерацию)
Мәтіндегі ақпарат Реті
Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек дүкендерден ғана сатып алыңыз

Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алсаңыз өте пайдалы

Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексертіп алыңыз.

1 балл
1.5. Сұраққа толық жауап беріңіз. (ответьте на вопрос по тексту)
• Саяхат кезінде қандай сусындар ішкен жөн?
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.