СРОЧНО ПОМОГИТЕ
ДАЮ 100 БАЛЛОВ

1. Бірыңғай қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер қатары.

A) Планета, дос, тіл.

B) Жер, ескерткіш, отбасы.

C) Ай, күн, жаз.

D) Жұлдыз, ұлт, өзен.

E) Аспан, кешен, жұмыс.

2. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

A) б, в, г, д.

B) м, н, ң, р.

C) м, н, ж, д.

D) т, р, л, з.

E) қ, т, з, ж.

3. -даған, -деген жұрнақтары арқылы жасалған сан есімнің мағынасына қарай түрін анықтаңыз.

A) Болжалдық.

B) Бөлшектік.

C) Топтау.

D) Реттік.

E) Есептік.

4. Сөйлемнен есімдікті тауып белгілеңіз.

Өз суретінде алтын күзді сала бастады.

A) Күз.

B) Сала бастады.

C) Өз.

D) Алтын.

E) Суретін.

5. Сөйлем ішіндегі бастауыштың сұрағын көрсетіңіз.

Табиғатта жолбарыс бір күнде 20-25 кг ет жейді.

A) Нешеуі?

B) Несі?

C) Кім?

D) Не?

E) Қаншасы?

6. Сұраулы сөйлемнің анықтамасын табыңыз.

A) Хабарлау, баяндау мақсатында айтылады.

B) Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады.

C) Сөйлеушінің көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады.

D) Сөйлемнің толық мағынасын білдіреді.

E) Бұйыру, өтініш ету мақсатында айтылады.

7. Керекті жұрнақты белгілеңіз.

Аяз... күн

A) –ты.

B) –ды.

C) –и.

D) –ді.

E) –ні.

8. Жалқы есімді табыңыз.

A) Ол – кәсіби музыканттардың бірі.

B) Оның еңбектері халық музыкасының дәстүрін зерттеуге арналған.

C) Ол халық музыкасының тарихын зерттеген.

D) Ахмет Жұбанов – қазақ музыкасының қара шаңырағын көтеруші.

E) Ол туған халқының музыка мәдениетін өркендету үшін еңбек етті.

9. «Оқу, күй» сөздеріне туынды зат есімнің қандай жұрнағы жалғанатынын белгілеңіз.

A) -лас, -лес.

B) -шы, -ші.

C) -тық, -дық.

D) -дас, -дес.

E) -тік, -дік.

10. Салыстырмалы шырайдың анықтамасын көрсетіңіз.

A) Зат белгілерінің артық-кемдігін салыстырады.

B) Қоршаған зат белгілерін көрсетеді.

C) Сын есімге күшейткіш буын қосу арқылы жасалады.

D) Сын есім асырмалы мәнде қолданылады.

E) Сөйлем ішінде сындық мағынаны білдіреді.

11. -тан, -тен жұрнақтары жалғанатын сөздерді көрсетіңіз.

A) Қала, өлең.

B) Ар, жүрек.

C) Еркін, көсем.

D) Тамақ, еңбек.

E) Аз, жаза.

12. Болымсыздық демеуліктерін көрсетіңіз.

A) -ақ, -ау.

B) түгіл, тұрсын.

C) -мыс, -міс.

D) және, әрі.

E) себебі, өйткені.

13. Пысықтауыш қай сөз табынан екенін белгілеңіз.

Суықта балалар да ойнай алмады.

A) Етістік.

B) Сан есім.

C) Үстеу.

D) Зат есім.

E) Сын есім.

14. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Өзге мемлекеттер Қазақстан мемлекетімен бірігіп жұмыс істей алады.

B) Бұл саясатты инвестиция деп атайды.

C) Мұндай салалардың дамуына шетел қаржыларын тартады.

D) Оны бірлескен кәсіпорын деп атайды.

E) Оның келмей қалуы мүмкін еді.

15. Шартты бағыныңқылы cабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.

A) -са, -се.

B) не, немесе.

C) және, әрі.

D) бірақ, алайда.

E) кейде, бірде.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.