СРОЧНО помогите с переводом,прошу!30 баллов!

– Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отыр
екен, шешесi қасына отырып, ақыл айтты:

– Балам, дүниедегi жаратылған жанды-жансыздардың
ешқайсысының да керексiз болып, жерде қалатыны болмайды, – деп. Сол сөздi айтып
отырғанда, қыз бала киiмiн жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын терезеден лақтырып,
далаға тастады:

– Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қалмас,
– деп.

Шешесi:

– Балам, сол да жерде қалмайды, – дедi. Осылайша
сөйлесiп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп ұшырды, мұны бiр торғай
көрiп қуып барып, мақтаны тұмсығына тiстеп қана алып, ұшып кеттi. Қыз әжесiнен:

– Манағы мақтаның қиқымын бiр торғай алып кеттi,
оны неғылады? – деп сұрады. Әжесi айтты:

– Көрдiң бе, балам, күн айналмай манағы айтқан
сөздiң келгенiн. Ол кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық
етедi, – дедi.


Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.