Бүгін «Шаһарларға саяхат» айдарынан Атырау облысындағы Құлсары қаласы жайлы мәліметтермен таныстырамыз.
1. Қала жайлы қысқаша мәлімет. Құлсары қаласы Атырау облысы Жылыой ауданының орталығы. Атырауға дейін 220 км қашықтықта орналасқан. Қаланың іргесі мұнай мен газ өндірілуіне байланысты 1939 жылы қаланған.1952 жылдан бері Жылыой ауданының орталығы.
2. Шаһардың өткен тарихынан. Қаланың осылай аталуының сыры онда 19 ғасырда өмір сүрген,ел арасында ерекше беделге ие болған әрі халық арасында көріпкел ретінде танымал Адай руынан шыққан Құлсары есімімен тікелей байланысты. 1934-1938 жж. аралығында бұл өңірде мұнай кенін іздестіру басталғанда мұнай барлау-бұрғылау экспедициясын белгілі жазушы Сабыр Шәріпов басқарған екен.
3. Мұнайшылар қаласының қалыптасу кезеңдері. 1938 жылы Құлсары кеніндегі 10-шы ұңғыдан мұнай атқылаған, ал 1939 жылы Құлсары мұнай өңдеу басқармасы құрылып, алғашқы құрылыс басталып, халық тұратын үйлер салынды.Соғыс кезінде миллиондаған тонна мұнай, оған қоса Құлсары мұнай өндіру цехының қасынан шағын бензин зауыты іске қосылып, тікелей майданға бензин жөнелтіліп отырған,кейіннен бұл бензин зауыты 1952ж. жабылды.
4. Қаланың ірі кәсіпорындары. Бүгінде Құлсары Теңіз кен орнын игеру орталығы болып отыр. Мұнда ірі кәсіпорындардан Мұнай-газ өндіру басқармасы, Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясы, мұнай айдау стансасы жұмыс істейді.1 акционерлік қоғам мен 6 өндірістік кәсіпорындар және 695 ЖШС бар.
5. Шаһардағы әлеуметтік-мәдени мекемелер. Қала тұрғындарына 1 аурухана,1 емхана,босану бөлімшесі қызмет көрсетеді. Сонымен қатар 13 мектеп пен 1 өнер мектебі,мәдениет үйі,жас техниктер станциясы,мұражай,10 кітапхана жұмыс істейді.
6. Қаланың қазіргі келбеті. 2001 жылы құрылған қаланың аумағы 35778 гектар. Халқының саны 59379 адам. Аудан жерінің Оңтүстік шығысында Каспий маңы Қарақұмы бар. Жем өзенінің арналары төңірегінде құмды жондар қалыптасқан және бұлардың биіктігі кейде 7-15 м-ге, ұзындығы 1,5-1 км-ге, ені 200 м-ге жетеді.
7. Өзге өңірлермен байланысы мен қала климаты. Қала арқылы Мақат-Бейнеу темір-жолы, Бейнеу-Доссор-Атырау, Құлсары-Мұнайлы, Құлсары-Прорва автожолдары өтеді.Климаты қуаң, континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы теңіз жағалауында – 8ºС. Солтүстігінде - 14ºС, кейде - 30ºС дейінгі аязды күндер болады. Шілденің орташа температурасы +30-31ºС аралығында.
Answers & Comments
Ответ: