August 2022 1 16 Report
срочноооооооооооооо!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Мәтіндегі негізгі, астарлы ойды анықтаңыз.
Негізгі ой Астарлы ой

Ә.Байжанбаев дикторлық мектебі теле-радиоға жаңадан қабылданған жастарға эфирден оқу, экраннан талғаммен сөйлеу өнерінің тамаша үлгісі болды. Қазақтың қара сөзін қастерлеп өскен ортада тәрбие алған Ә.Байжанбаев сөздің жөн-жобасын, жосық-жүйесін жетік білген, өрнекті өлең өрнегін, салмақты сөзді қадірлеген. Халық сөзінен нәр алған, соның тұмасына терең бойлаған, зерек ойлауы мен ділмар сөйлеуі қатар жетілген, кең ойлап, шешен сөйлейтін, дауылпаз дауысты, қазақ топырағындағы болмыс-бітімі өзгеше теле-радио саласындағы оқу өнерінің корифейі атанған Әнағаң "сөйлегенде дауыстың құбылуы қатты, орташа не ақырын шығуы, толас табуы, дауыс екпінінің мағынасы арнайы ерекшелеп айтатын сөзге түсуі, қуаныш пен реніш, жақтыру мен жақтырмау сияқты жәйттерді, білдіруге қосымша рең үстейтін дауыс сарыны мәнерлеп оқу тәсілдеріне орай өзгеріп отырады.
Болашақ әріптес дикторларға күнделікті материалдарды оқу жайын көркемсөз оқу өнерінен кейбір теориялық пікірлерді айта отырып, мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісі мен тәсіліне төселдіріп сөйлеу техникасын - дұрыс дем алу, үнді күшейту, дауыс сапасын дамыту жайында тиянақты әңгіме етеміз" деуден өмір жолында бір жалықпады. Соның бірі дауыс сарыны, сөйлеу сазы мен оның құрылымы, өлең оқығанда тыныс алу, кідіру, ырғақты кідіріс, өлең оқудың шеберлігі, дауыс күші, сөйлеу әуені, дауыс бояуы да тележүргізушілер үшін аса қажетті мәнді екендігін жастарға ұғындырып отырады.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.