срочно!
Жұптық жұмыс. Сұрақтарды пайдаланып, диалог
құрыңдар.
1. Тау туралы қандай мақал-мәтел немесе қанатты сөз білесің?
2. Сен кімді биік тауға теңер едің? Неліктен?
3. Тауға саяхатқа бардың ба?
4. Сабақта сөз болған таулардың біріне саяхат жасайтын болсаң, қайсысын
таңдар едің? Неге?
Answers & Comments
Verified answer
Тау туралы диалог.
– Сабақ қызықты өтті иә, Айша?
– Иә. Маған да сабақ ұнады. Гүлім, айтшы, осы сен тауға саяхаттап барып көрдің бе?
– Жоқ. Сен ше?
– Мен де. Ал егер осы сабақта айтылған таулардың біріне саяхат жасайтын болсаң, қайсысын таңдар едің?
– Мм...Жетісу Алатауын таңдар едім. Себебі ол еліміздегі ең ірі әрі құрылымы күрделі таулардың бірі. Оған қоса су қоры да мол.
– Дұрыс-ақ.
– Ал сен кімді биік тауға теңер едің, Айша?
– Әкемді. Өйткені ол да мен үшін асқар таудай асқақ адам, қамқоршым.
– Керемет. Айтпақшы, үй жұмысына тау туралы мақал-мәтел, қанатты сөздер жазып келіңдер деді ғой. Тау туралы мақал білесің бе?
– Иә. Мысалы:"Ел жасымен көрікті.
Тау тасымен көрікті.
Аяқ асымен көрікті"."Көлдің көркі —
Құрақ.
Таудың көркі —
Бұлақ"."Тауға сүйенген,
Таудай бәледен аман қалады".
– Мәссаған. Жақсы мақалдар екен. Маған да жаттап жүру керек.
– Әрине, жақсыларын іздеп ал да жаттап жүр. Ал келесі сабақ басталды. Сәттілік!
– Рақмет. Саған да!