срочнро 50 балов
1-тапсырма. Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап жаз.

Отырар

Ежелгі Қазақстан қалаларының ішінде Отырардың аты екі жайтқа байланысты ерекше айтылады:

1) ұлы ойшыл әл-Фараби туған қала ретінде кеңінен танымал;

2) әлемдегі ең ірі кітапхана орналасқан мәдени орталық ретінде белгілі.

Сырдария өзенінің бойында орналасқан Отырар қаласы сол заманда бүкіл Шығыс әлеміне танымал саяси орталық болды. Отырарда мәдениет мен экономика жақсы дамыды. Бұған қаланың Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы себеп болды. Себебі Отырар Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолия және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Сондай-ақ Отырарға жан-жақтан ағылған көпестер келіп сауда қарқынды дамыды. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, қонақүйлер, мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеді. Бірақ 1218 жылы Шыңғыс хан басқарған моңғолдың қалың қолы Жетісу өңіріне шабуыл жасап, бірнеше қаланы қиратып, мыңдаған халық пен мал-мүлікті олжалады. Сол қираған қалалардың бірі Отырар қаласы еді.



Сұрақтар:

Отырарда қандай ойшыл дүниеге келген?
Отырар қайда орналасқан?
Ол қандай орталық болды?
Отырарда нелер бар?
Отырарда қандай мәдени орталық орналасқан?
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.