стихотворение на каза яз про семью помогите плиззз
Answers & Comments
mamochka607080
Ерте кетіп жұмысқа, Үйге кештеп қайтатын, Болған күндіз құрылыста Қызықтарды айтатын. Жаз келісімен,күн қызып, Машинасын жүргізіп, Барлық көрші баланы Маған қоса мінгізіп, Аралайтын даланы, Қыдыртатын қаланы- Әкем менің қандай-ды! Қарағанда басқаға, Қызықты көп бастайтын. Күнде ертемен бақшаға Мені апарып тастайтын. Талай-талай істерде Үлгі болар біздерге Ағам менің қандай-ды! Төрт жас үлкен өзімнен, Оқи,жаза білетін. Мені титтей кезімнен Ойнатуды сүйетін. Кітабынан кіл қызық Әңгіме оқып беретін- Әпкем менің қандай-ды! Атамнан басталар, Әжемнен қосталар Отбасым мынылар: Ең жақын адамдар- Әкем мен анам бар, Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар... Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін,еремін! Титтей бөбек кезімнен Әлдилеген емізген, Еркелетіп күлгізген, Алғаш «апа» дегізген. Кішкентайы-мен үшін Тағат,байыз таппайтын, Не жемесін, не ішсін, Менсіз тағам татпайтын. Шомылдырып кешкісін, Мен жатпасам,жатпайтын- Анам менің қандай-ды!
Answers & Comments
Үйге кештеп қайтатын,
Болған күндіз құрылыста
Қызықтарды айтатын.
Жаз келісімен,күн қызып,
Машинасын жүргізіп,
Барлық көрші баланы
Маған қоса мінгізіп,
Аралайтын даланы,
Қыдыртатын қаланы-
Әкем менің қандай-ды!
Қарағанда басқаға,
Қызықты көп бастайтын.
Күнде ертемен бақшаға
Мені апарып тастайтын.
Талай-талай істерде
Үлгі болар біздерге
Ағам менің қандай-ды!
Төрт жас үлкен өзімнен,
Оқи,жаза білетін.
Мені титтей кезімнен
Ойнатуды сүйетін.
Кітабынан кіл қызық
Әңгіме оқып беретін-
Әпкем менің қандай-ды!
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мынылар:
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!
Титтей бөбек кезімнен
Әлдилеген емізген,
Еркелетіп күлгізген,
Алғаш «апа» дегізген.
Кішкентайы-мен үшін
Тағат,байыз таппайтын,
Не жемесін, не ішсін,
Менсіз тағам татпайтын.
Шомылдырып кешкісін,
Мен жатпасам,жатпайтын-
Анам менің қандай-ды!