Су - тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. Себебі, алғашқы тіршілік суда басталады. Жердегі ең көп таралған заттың бірі су. Мұхит, теңіз, көл, өзендерден басқа су барлық тірі ағзаның құрамында кездеседі. Мысалға адам ағзасындағы қанның немесе шырынның негізгі құрамы судан тұрады. Су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады.
Адам өмірі үшін су тек қана ішу үшін емес, тамақ пісіруге, жуынып-шайынуға, әр түрлі тұрмыстық заттарды тазалауға керек. Суда кеме, қайық арқылы серуендеуге, жағалауында шомылуға, кемемен жүк тасымалдауға болады. Сонымен бірге су зауыт-фабрикалардың жұмыс істеуі үшін өте кажет.
Бірде-бір тірі ағзалар сусыз өмір сүре алмайды. Өсімдіктер су арқылы топырақтан минералды заттарды қабылдап, сабақтары арқылы жапыраққа жеткізеді, жапырақ өз кезегінде фотосинтез процесіне қатынасады. Топырақтың құнарлығын арттыру үшін де су кажет. Ол арқылы топырақтағы өсімдіктер шіріп, қарашіріктің пайда болып, тұқымнан өсімдіктің өніп шығуын тездетеді. Мысалға, 1 тонна бидайды өсіру үшін 1500 тонна су қажет екен. Көптеген баубақша өсімдіктері суармалы жағдайда ғана өнім береді (қызанақ, қарбыз, қауын, картоп, пияз және т. б.). Сол себепті де әрбір тірі ағза үшін су белгілі бір мөлшерде ғана қажет. Егер оған кажетті су жетіспесе немесе артып кетсе де тірі ағзаның өліп қалуы әбден мүмкін.
1. «Су - тіршілік көзі» деп аталудың себебі неде? В чем причина так называемого "вода-источник жизни"?
А) Себебі, су- зауыт-фабрикалардың жұмыс істеуі үшін өте кажет.
В) Себебі, су- адам ағзасындағы қанның немесе шырынның негізгі құрамы судан тұрады.
С) Себебі, алғашқы тіршілік суда басталады.
Д) Себебі, топырақтың құнарлығын арттыру үшін су кажет.
Answers & Comments
Ответ:
Объяснение:
)(с корч.............................