Шайтанкөл( І нұсқа ) Баяғыда бір байдың Сұлушаш деген кызы болыпты . Байдың есiгiнде жүрген Тезек деген құлы Шұнақ деген күңімен косылып , одан Алтай туады . Ол ер жетіп , Сұлушаш екеуі бір- бірін сүйеді . Бірақ бай қарсы болады . Алтайдың Қайсар деген досы , Сұлушаш үшеуі елден қашады . Олар Қарқаралының маңайындағы Жиренсақал деген жердi мекендейді . Сол жерде аң аулап , құс ұстап , күндерін көреді . Бір күні Алтай құс аулап жүріп , құзға кездеседі . Сол құзға бүркіт ұя салған екен . Алтай одан бүркіттің балапанын алмақшы болады . Бірақ жолы болмай шыңырауға құлайды . Сұлушаш Тескен таста сырнай тартып отырады . Біраздан соң артынан ырылдаған дауыс естіледі , қараса артында арыстан тұр екен . Содан қорыққаннан көлге құлап өледі . Қайсар Сұлушашты іздеп осыжерге келсе , көлдің бетінде қыздың көйлегі , такиясы жузiп жүреді . Ол да сол көлге құлап өледі . Содан кейін бұл көл « Шайтанкөл » атаныпты .
ШАЙТАНКӨЛ ( II нұсқа ) Ерте уақытта екі жолаушы Қарқаралының ну орманын аралап жүріп , бір маралға кез болыпты . Сол маралы өздерінің тазыларын қосады . Содан әлгі маралды тазылар куа жөнеледі . Екі жолаушы олай да ойлайды , бұлай да ойлайды . « Бұл не сұмдық ? Сағым ба , шайтан ба ? » деп таңырқап тұрғанда , иттердің дауыстары естіледі . Ол дауысты куып , екі жолаушы жобалап келсе , әлгіндегі марал бір көлшікке түсіп тұрған екен . Жаңағы маралды алып , ауылға аттанғалы жатып , « Бұл не зат , сағым ба , шайтан ба ? » деп ойлайды . Содан бері бұл Қарқаралымаңындағы « Шайтанкөл » атауы осыдан қалған екен .
Answers & Comments
Ответ: