Floraa4545
Дүние тылсым құпияға толығой. Біз өмір сүрген жерді құпиясы сырын әлі ішіне бүгіп жатыр. Ал жер шарының қалған екі бөлігін алып жатқан судың қойнына тыққан сыры біз ойлағаннан да көп болуы мүмкін. Аңыздардан судан шыққан алып құбыжықтар жайлы, кемелерді құрдымға кетіретін жойқын күшті су жануарлары жайлы көп естіген боларсыз. Мұхиттардың түбін жайлаған тіршілік иелерін толық зерттеп болмаған ғалымдар әлі күнге сол саланың соңында жүр. Кейбір ғалымдар мұхит түбінен көне өркениет іздерін, су асты пирамидаларын тапқан. Десек те, олардың мүмкіндіктері шектеулі. Мысалы ерттеушілер әлі күнге Бермуд үштағанының сыры мен Атлантиданың орнын таба алмай жүр. Олар сонымен бірге ескі аңыздарда жиі аты аталатын су құбыжықтарының бар-жоғын да анықтай алмай отыр. Солардың бірі Лох-несс құбыжығы Шотландияның шағын көлі Лох-несстен бірінші болып құбыжықты көрген Рим легионерлері болса керек. Судан ойда жоқта шығатын бұл құбыжық талай адамдардың жанын жалмап, біраз қайықтарды жұтқан-мыс. Аңыздың кең тарала бастағаны соншалық, ол жайлы ақпарат 1933 жылдары газеттерге де шыға бастайды. Содан бастап оның атағы жер-жаһанға жайылып, көпке танымал құбыжыққа жұрт «Несси» есімін береді. Сол жылдары айналдырған бір айдың ішінде Несси су бетіне 15 мәрте шығып, көпшілік көзіне түседі… Ал 1943 жылы бір ұшқыш көл үстінен ұшып бара жатып, айдыннан алып жыланның сұлбасын көріп суретке түсіріп алады. Құбыжықтың бар-жоғын білгісі келген мамандар көлде дыбыстық зерттеу жұмыстарын да жүргізген. Олар көл түбінде оңай көтеріліп, ептілікпен жүзетін ауыр денелердің бар екенін анықтаған. Бірақ ғалымдар оның не нәрсе екенін біле алмаса керек. Бірі мұны түкке тұрмайтын жасандылық деп түсіндірсе, екіншілері құбыжықтың бар екенін дәлелдейтін дәйектер келтіріп әлек. Вирджиния университетінің профессоры Хенри Бауэр «бұл — ежелгі плезиозаврлардың тірі қалған бір түрі болуы мүмкін» деген болжам айтқан. Осындай адам сенгісіз әңгімелерімен көпшіліктің қызығушылығын тудырған құбыжықтың көлін көруге алыс-жақын шетелден арнайы келетіндер саны арта түскен.
Answers & Comments
Солардың бірі Лох-несс құбыжығы Шотландияның шағын көлі Лох-несстен бірінші болып құбыжықты көрген Рим легионерлері болса керек. Судан ойда жоқта шығатын бұл құбыжық талай адамдардың жанын жалмап, біраз қайықтарды жұтқан-мыс. Аңыздың кең тарала бастағаны соншалық, ол жайлы ақпарат 1933 жылдары газеттерге де шыға бастайды. Содан бастап оның атағы жер-жаһанға жайылып, көпке танымал құбыжыққа жұрт «Несси» есімін береді. Сол жылдары айналдырған бір айдың ішінде Несси су бетіне 15 мәрте шығып, көпшілік көзіне түседі… Ал 1943 жылы бір ұшқыш көл үстінен ұшып бара жатып, айдыннан алып жыланның сұлбасын көріп суретке түсіріп алады. Құбыжықтың бар-жоғын білгісі келген мамандар көлде дыбыстық зерттеу жұмыстарын да жүргізген. Олар көл түбінде оңай көтеріліп, ептілікпен жүзетін ауыр денелердің бар екенін анықтаған. Бірақ ғалымдар оның не нәрсе екенін біле алмаса керек. Бірі мұны түкке тұрмайтын жасандылық деп түсіндірсе, екіншілері құбыжықтың бар екенін дәлелдейтін дәйектер келтіріп әлек. Вирджиния университетінің профессоры Хенри Бауэр «бұл — ежелгі плезиозаврлардың тірі қалған бір түрі болуы мүмкін» деген болжам айтқан. Осындай адам сенгісіз әңгімелерімен көпшіліктің қызығушылығын тудырған құбыжықтың көлін көруге алыс-жақын шетелден арнайы келетіндер саны арта түскен.