Суды қалай үнемдеймін

Сөз тіркесін құра.

Өмірдің ....

– Досым, сен судың не үшін керек екенін білесің бе?

– Әрине, білемін. Сусыз өмір жоқ.

– Неге олай ойлайсың?

– Себебі су адамдарға, аң-құсқа, өсімдіктерге қажет. Сусыз тіршілік болмайды. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Біздің әр күнімізді сусыз елестету қиын. Себебі біз оны таңертеңнен кешке дейін пайдаланамыз. Таңертең тұрып беті-қолымызды жуамыз, шай ішеміз, тамаққа қосамыз, анамыз біздің кір қылдырған киімдерімізді жуады, бақшадағы гүлдерді суарамыз.

– Сен «Судың да сұрауы бар» деген мәтелді қалай түсінесің?

– Суды бостан-босқа ағызбау керек. Оның да шегі бар. Суды үнемдеп қолдануымыз қажет. Су – өмірдің байлығы.

– Иә, суды үнемдеп қолданған дұрыс. Бұл ең дұрыс шешім. Себебі суды үнемдеп қолданбасақ, таусылып қалуы мүмкін.

– Өзен-көлдегі сулар да таусыла ма? Қалай таусылады?

– Әрине, табиғатты қорғамасақ, олар да таусылады. Адам аштыққа шыдаса да, шөлге шыдамайды. Сондықтан суды қадірлеу керек.

байлығы

суару

тіршілік
ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА!!!СРОЧНО​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.